Жалғандық үшін 10 жыл: Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлерінде жалған дипломдар табылды

Тарбағатай ұлттық паркі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 11:14 Сурет: wikimedia
Абай облысында прокурорлар ұлттық парк қызметкерлерінің жалған дипломдарын анықтады. Бұл туралы 2025 жылғы 14 мамырда Zakon.kz сайтына облыстық қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады.

"Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен." Абай облысының прокуратурасы

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.

2024 жылғы 22 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет диплом бланкілерінің қозғалысын бақылаудың жоқтығымен және ақпараттық жүйелердің жетілдірілмегендігімен байланысты тәуекелдерді анықтағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: