Астанада ер адам салтанатты іс-шараларға қонақ ретінде кіріп, ұрлық жасаған

Астанада салтанатты іс-шараларға қонақ ретінде кіріп, ұрлық жасаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әрбір эпизодта түрлі салтанатты іс-шараларға қонақ ретінде еркін кіріп, қонақтар билеу үшін орындарынан тұрған сәтте стол үстінде қалған телефондарды ұрлап, еш кедергісіз рестораннан шығып кеткен. Осылайша жәбірленушіге 300 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жеделіздестіру шаралары нәтижесінде 28 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Сонымен қатар оның осыған ұқсас тағы 7 ұрлық эпизодына қатысы бары анықталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript