Қазақстанда ҰБТ өткізу мерзімі өзгерді

Қазақстанда ҰБТ өткізу мерзімі өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 18:31 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы 23 және 24 мамыр күндері ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлерге маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді.

  • 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда;
  • 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
"Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: