Кейбір қазақстандықтарға ChatGPT-ді қолдануға тыйым салынды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин 2025 жылғы 14 мамырда Мәжіліс кулуарында мемлекеттік қызметшілерге ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол Цифрлық даму министрінің қызметтік мақсатта, әсіресе "ҚПА" (қызметтік пайдалануға арналған) форматындағы құжаттармен жұмыс кезінде ChatGPT қолданылмауға тиіс деген бұйрық шығарғанын атап өтті. Сонымен қатар бұл мәселе тек шектеумен шешілмейтінін айтып, балама ретінде отандық нейрожелі ұсынылғанын жеткізді.
"Егер біреу жұмыс өнімділігін арттыру үшін тілдік модельді пайдаланғысы келсе, ол үшін балама шешім болады – бұл біздің ғалымдар әзірлеген үлкен тілдік модель. Ол жабық контурда, өз серверлерімізде жұмыс істейді," – деді Төлеушин.
Ол мұндай шешімнің негізгі мақсаты – деректердің таралып кетуін болдырмау екенін растады. Алайда қандай нейрожелі арқылы қандай жұмыс орындалғанын анықтау қазіргі уақытта мүмкін емес екенін де айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда кез келген азамат кез келген нейрожеліні қолдана алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript