Шымкент тұрғындары көшедегі жайма базарды жабуды талап етуде

Шымкент тұрғындары көшедегі жайма базарды жабуды талап етуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 12:46 Сурет: pixabay
Шымкентте ескі-құсқы зат сататын саудагерлер үш жылдан бері көшені сауда орнына айналдырған. Көбі тауарын көпқабатты үйлердің қабырғасына жайып, сондағы тұрғындардың мазасын алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, саудагерлер көбі бұрын қолданған дүниелерін көшеге жайып сатады. Тіпті ескі киімдерін тұрғын үйлердің терезелері мен ағаштарға іледі екен. Тұрғындар таңғы 5-тен басталатын саудагерлердің шуынан "мазамыз қашып, тыныштық көрмейтін болдық" дейді.

"Таң ата осылардың қауқылдасқан шуынан оянамыз. Саудасын жасап болған соң, артын жинап кетпейді. Ауламыздың түкпір-түкпірін әжетхана ғып жіберді. Тіпті балалардың алаңы да сасып жатыр".Татьяна Игнатиати

Тұрғындардың шақыруымен келетін полиция бір мәрте қуғанымен, тәртіп сақшылары кете сала, қайтадан жаяды екен. Сондықтан учаскелік полицейлер де көп келмейтін болған.Ескерту жасаған тұрғындар мен сатушылардың жаға ұстасатын кезі де жиі болатын көрінеді. Ал саудагерлер басқа баратын жеріміз жоқ деп отыр.

"Бізге әкімдік орынды қала сыртынан ұсынды. Біз онсыз да ескі-құсқыны сатып күнелтеміз. Мұндайды алу үшін қала сыртына кім барсын? Ал мына жабық базарға бара жатқанда біздің тауарымызды көріп, соны сатып алатындар бар. Егер осы маңнан бір орын ыңғайлап берсе, ешкімге кедергі болмай, сол жерде отырар едік". Татьяна Скобельцова, сатушы

Ал жергілікті әкімдіктің өкілдері жайма базар сатушылары қаладан емес, көбіне облыстың түкпір-түкпірінен келеді деп, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Қанша айыппұл салсақ та, сауда-саттық тоқтамайды деп отыр. Сондықтан шенеуніктерге енді жайма базар орнын "гүлзарға айналдырсақ" деген ой келіпті.

Бұған дейін Литваның Орта Азиялық еңбек мигранттарын көптеп тартуда екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: