Шымкентте қарақұрттар адамдарға шабуылдай бастады

Шымкентте көктем келісімен қарақұрт қаптады. Бүгінде улы өрмекші шағып алған сегіз адам медициналық мекемелерге жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"КТК" телеарнасының ақпаратынша, 5 оқиғада зардап шеккендер өрмекшілерді тани алған, қалған үш жағдайда өрмекшілердің өзі көзге түспеген, науқастар тек қарақұрттың шағуына тән белгілермен жүгінген. Бұл оқиғалар белгісіз улы тіршілік иесінің шағуы ретінде тіркеледі.
Адамдар өрмекшілерді күтпеген жерлерден кездестіруде – тұрғын үйлерде, қосалқы ғимараттарда. Қарақұрттар қараңғы және құрғақ жерлерді жақсы көреді. Әдетте олар қауіпті сезінсе ғана шабуылдайды.
Барлық зардап шеккендер уақтылы қажетті медициналық көмек алды, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Алайда, дәрігерлер уақытылы ем-дом қабылданбаған жағдайда, арты өліммен аяқталуы мүмкін екенін ескертті.
"Бізге қарақұрт, жылан, шаян шағып алған адамдар жиі келеді. Олардың барлығы өз ортасында тыныш өмір сүреді. Алайда, тыныштығы бұзылса, адамдарға шауылдайды. Егер науқас дене ауруларымен жүгінсе, онда оған қарақұрт уына қарсы сарысу егіледі",- деді Шымкент қаласының гипербариялық оттегімен қанықтыру орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.
Бұған дейін Алматы маңында жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript