Қызылорда облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 12:28 Фото: freepik
Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 19 мамырындағы Бас прокуратураның мәліметінше, "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

Облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Аталған факт бойынша сотпен есепшіге қатысты үкім шығып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: