Тоқаев Румынияның жаңа президентіне үндеу жасады

Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 16:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы 2025 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

"Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор", – делінген жеделхатта.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: