Аягөзде сарбаз менингиттен қайтыс болды

2025 жылғы 19 мамырда Аягөз қалалық орталық аудандық ауруханасында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз гипертоксикалық (жедел) түрдегі бактериялық менингиттен қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні кешке сарбаз өзін жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілгеніне шағымданып, Аягөз әскери госпиталіне жатқызылған.
"Бастапқы тексеруден кейін ем тағайындалды, алайда оның жағдайы жақсармады. 17 мамырда қосымша тексерулер – УДЗ мен КТ жүргізіліп, нәтижесінде науқас әрі қарай ем алу үшін Аягөздің орталық аудандық ауруханасына ауыстырылды. 18 мамырда сарбаздың жағдайы күрт нашарлады. Реанимация бөлімінде көрсетілген барлық медициналық көмек пен қарқынды терапияға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады ведомство.
Сарбаз 2025 жылғы 25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған. Қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына терең көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript