“Анамның еміне қажет”: ШҚО-да танысын сан соқтырған күдікті ұсталды

“Анамның еміне қажет”: ШҚО-да танысын сан соқтырған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 17:30 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында танысын “анамның еміне қажет” деген сылтаумен 7 миллион теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен қаласының полициясына қала тұрғынынан оның алданып қалғаны жөнінде арызы түскен. Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айында танысы анасының еміне ақша қажет деген желеумен оны алдап, ірі көлемдегі қаржысын иемденіп кеткен. Келтірілген шығын көлемі – 7 млн 714 000 теңге.

Аталған факті бойынша “Алаяқтық” бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және төмендегі қауіпсіздік шараларын туралы ескертті:

  • Ақша қаражатын берген кезде барынша сақ болыңыздар, әсіресе достар, таныстар немесе туыстардан көмек сұраған кезде; 
  • Ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде тексеріңіздер, әсіресе егер өтініш шұғыл түрде, эмоциялық қысыммен айтылса;
  • Шешім қабылдауға асықпаңыздар – уақыт алып, басқа туыстармен кеңесіп, деректердің дұрыстығын салыстырыңыздар;
  • Қомақты соманы құжатсыз немесе қолхатсыз беруден аулақ болыңыздар, тіпті сенімді адамдардан өтініш түссе де.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: