БҚО-да туған ағасы мен інісін 5 млн теңгеге "отырғызған" күдікті ұсталды

IPhone, алаяқтық, Орал, туған бауыр, ағасы мен інісі, несие, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 09:23 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері IPhone-ды несиеге сатумен байланысты бірнеше танысын сан соқтырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті таныстарына бірнеше смартфон сатып алуды ұсынып, оларды бастапқы құнынан қымбат бағаға қайта сатуға болатынын айтқан. Ол телефондарды сатып алғаннан кейін несиелерін жауып, қалған ақшаны өзара бөлісетіндеріне сендірген.

"Орал қаласының тұрғындары күдіктінің сөздеріне сеніп, үш IPhone 15 сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Телефондарды алған соң алаяқ "ізін суытып", жәбірленушілерді сан соқтырып кеткен. Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығынның 5 миллион теңгеден астам екені анықталды. Қаржылық шығынға ұшырағандар туған бауырлар болып шықты". БҚО ПД баспасөз қызметі

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды кез келген жағдайда сақ болуға шақырады. 

Айта кетсек, 6 қаңтарда елорда тәртіп сақшылары дөй алаяқтың бірін ұстағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: