Астанада алаяқтардың "атасы" ұсталды
Сурет: pexels
Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды. Оны Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, 58 жастағы зейнеткер шет елде оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалғанын айтып, құқық қорғау органынан көмек сұраған.
"Жәбірленуші немересінің армандарын орындаймын деп қателікке жол берді. Күдікті оқуға баратын бес шет елді ұсынып, өз есеп шотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі - шамамен 18 млн теңге. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас тағы 49 эпизодқа қатысы бары белгілі болды", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін елімізде жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын заңсыз крипто айырбастау пункттері жойылғанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript