БҚО-да алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті ұсталды

БҚО-да алаяқтықтың 10 эпизодына қатысы бар күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 22:50 Сурет: Zakon.kz
БҚО-да полиция қызметкерлері керме төбе орнату қызметін ұсыну арқылы бірнеше азаматты алдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқ алдын ала төлем алып, міндеттемелерін орындамаған. Алдын ала төлемдердің сомасы 15 мыңнан басталып 118 мың теңгеге дейін болған.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша 10 эпизодқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алданғандар - Теректі, Бөрлі аудандарының және  Орал қаласының тұрғындары.

Жалпы келтірілген шығын сомасы - шамамен 500 мың теңге.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: