Атырауда мейрамханадағы жанжал пышақтасуға ұласты

Куәгерлердің айтуынша, Атыраудағы мейрамханалардың бірінде алкогольді ішімдік ішу кезінде келушілер арасында жанжал шыққан. Ұрыс тез арада төбелеске айналып, кейін суық қару қолданылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аtyrau ONLINE Telegram-каналының мәліметінше, бұл құқықбұзушылыққа қатысы бар барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Ауыр жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", - деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript