Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 19:26 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында 19-23 мамыр аралығында көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау және заңсыз көші-қонға жол бермеу мақсатында республикалық "Заңсыз келуші" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakkon.kz.

Іс-шараның алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 148 құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың басым бөлігі шетел азаматтарымен жасалған. Атап айтқанда, 103 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 26-сы ел аумағынан шығарылды: 18-і ТМД елдерінің азаматтары, 8-і алыс шет мемлекеттердің өкілдері.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 45 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 10 жұмыс беруші бар.

Құқық қорғау органдары шекара маңындағы аудандарға ерекше назар аударып жатыр. 20 мамыр күні Алакөл ауданында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 16 шетелдік азамат анықталды.

Сондай-ақ жүргізілген іс-шара барысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың бір фактісі тіркелді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабымен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: