Мысыр әуежайында қаза болған қазақстандық: оның отбасына қандай көмек көрсетілуде

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлибек Қуантыров 2025 жылғы 21 мамырда Мәжіліс мінберінде Египет әуежайында жарнамалық билборд құлап, қазақстандық әйелдің қаза табуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер Египет тарапы оқиғаға қандай пікір білдіргенін сұрады.
"Мәйітті жөнелту бүгін жоспарлануда, барлық рәсімдер орындалғаннан кейін, менің білетінім бойынша, жөнелту Египет тарапынан жүзеге асырылуда. Моральдық өтемақы мәселесі де шешілген. Сонымен қатар, біздің қазақстандық сақтандыру компаниямыз да қосылған, ол осы саяхатты сақтандырған", – деді Әлибек Қуантиров.
Оның айтуынша, жеңіл жарақат алған тағы екі қазақстандық әйел өз үйлеріне оралды.
"Египет азаматтық авиация министрі бұл мәселені бақылауда ұстап отыр, арнайы комиссияны сол күні жіберді, және, әрине, біздің консулдығымыз көмектесіп, мәселені бақылауда ұстайды", – деп сендірді ол.
Бұған дейін 2025 жылғы 18 мамырға қараған түні Шарм-еш-Шейх әуежайында қазақстандық туристің қаза тапқаны белгілі болды. Астанаға қатынайтын Dv5270 рейсін күткен бір жолаушы үстіне билборд құлаған. Сондай-ақ екі әйелдің зардап шеккені айтылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript