Мысырда әуежайда билборд құлап, Қазақстан азаматы қаза тапты: тағы екі турист зардап шекті

Әуежай, Мысыр, билборд, құлау, Қазақстан азаматы, қаза тапты, СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2025 13:27 Сурет: pixabay
Шарм-эш-Шейх әуежайында жолаушыларға арналған күту залы аумағында билборд құлады. Салдарынан Қазақстан азаматы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды. Орын алған бұл қайғылы оқиғаны ҚР СІМ баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанаға қатынайтын DV5270 рейсіне отыруы тиіс болған марқұмның туыстарымен байланыс орнатылып, консульдық оларға барлық мәселе бойынша көмек берілетінін жеткізді. Қайғылы оқиға 2025 жылы 18 мамырда болды.

"Зардап шеккен екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мысыр тарапы Қазақстан азаматының қайғылы қазасына байланысты қайғырып, шын жүректен көңіл білдіреді. Мысырдың азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны өзінің жеке бақылауына алып, дереу оқиға орнына комиссия жіберді. Қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР елшілігі де бұл оқиғаны ерекше бақылауына алды", - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Мысырдың азаматтық авиация министрі жерлесімізбен болған қайғылы оқиғаны тергеуді жеке бақылауына алғаны нақтыланады.

Бұған дейін Алматы әуежайында науқас баланы дұрыс қарсы алмаған әуе компаниясы жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: