Алматы әуежайында науқас баланы дұрыс қарсы алмаған әуе компаниясы жауапқа тартылды

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты бес жасар Инсаф Асметуллаеваның отбасына моральдық зиян үшін 5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы отбасының адвокаты Данильхан Шағатаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл шешім әуе компанияның баланы Алматы әуежайында қарсы алу кезінде тиісті шараларды қабылдамағаны үшін қабылданды.
"Сот жауапкершілікті тек әуе компаниясына жүктеп, Алматы халықаралық әуежайын жауаптылықтан босатты. Шешім әлі толық ресімделмегенімен, негіздемесі түсінікті – тасымалдаушы баланың жағдайы туралы білген, бірақ тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген", – деді Шағатаев.
Адвокаттың сөзінше, қыз сәуір айының басында қайтыс болған.
Бұған дейін Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен әкімнің соты басталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript