Ұялы байланыс тарифтерінің күрт өсуі: операторлар сотқа тартылуда

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 13:55 Фото: pexels
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс барысы туралы айтып берді. Олар сөз байласу күдігіне ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер ұялы байланыс операторларымен жұмыс жүргізіліп жатқанын растады.

"Қазіргі уақытта бәріміз ұялы байланыс пайдаланушысымыз. Біз талдау жүргіздік. Соңғы бірнеше жылда ұялы байланыс тарифтерінің өте жоғары өсуі байқалады. Біз алдын ала заң бұзушылық белгілерін анықтадық. Өткен жылы барлық ұялы байланыс операторларының қызметтері бойынша тергеу бастадық. Үш компанияның сөз байласу белгілерін анықтадық, олар бойынша тергеу басталды. Бүгінгі таңда ол тоқтатылды. Қазір бізбен бірге сот процестері жүріп жатыр, яғни олар шағымданды. Қазір біз соттамыз", – деді Болат Самбетов.

Ол Beeline-ге қатысты осындай іс жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұған дейін алаяқтардың WhatsApp арқылы ақша ұрлауда екенін жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: