WhatsApp арқылы ақша ұрлануда: мамандар жаңа алаяқтық схемаға қатысты ескерту жасады

WhatsApp онлайн-алаяқтар үшін барған сайын танымал құралға айналуда. Олар заманауи алдау тәсілдерін белсенді қолданып жүр, олардың бірі — стеганография. Бұл қалай жұмыс істейді, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Мәселен, 2025 жылғы сәуірде Hindustan Times жаңалықтар порталы Үндістанның Джабалпур қаласында орын алған оқиға туралы хабарлады. Қала тұрғыны WhatsApp арқылы бейтаныс нөмірден келген сурет файлын ашқан соң, ірі көлемде ақшасынан айырылған.
Мұндай суреттер сырт көзге қарапайым болып көрінеді, бірақ ашқаннан кейін ол құрылғыға зиянды бағдарламаны автоматты түрде орнатуы мүмкін.
"Алаяқтар графикалық файлдардың ішіне зиянды кодтарды жасырын түрде енгізуге мүмкіндік беретін стеганография технологиясын пайдаланған. Бұл бағдарлама құпия ақпараттарыңызға: банк есепшоттарына, құпия сөздерге, хабарламаларға, тіпті құрылғыны толық қашықтан басқаруға мүмкіндік береді",- деп мәлімдеді Stopfake.kz мамандары.
2025 жылғы 25 сәуірде WhatsApp провайдері GREEN-API бұл қатер туралы ресми ескерту жасады.
"WhatsApp-тың Windows нұсқасында (CVE-2025-30401) осалдық анықталды. Бұл осалдық зиянды файлды ашуға итермелеу арқылы БҚ іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл осалдықтың GREEN-API сервисіне қатысы жоқ, ол тек Windows-қа арналған WhatsApp қосымшасына ғана қатысты", — делінген ресми хабарламада.
Пайдаланушыларға қосымшаны жаңартуға және файл алған кезде өте сақ болуға кеңес берілді.
"WhatsApp-та таныс адамдардан келген файлдарды ашарда да өте мұқият болыңыз. Файлдың кеңейтімін (форматын) тексеріңіз. Егер кеңейтілуі күмәнді болса (мысалы, ".exe", ".vbs", ".scr") — ашпаңыз. Қазіргі дерекқорлармен жаңартылған антивирустық бағдарламаларды пайдаланыңыз. Бұл зиянды файл арқылы таралатын вирустардан құрылғыңызды қорғауға көмектеседі", — делінген GREEN-API сайтындағы ескертуде.
Бұған дейін Қазақстанда 100 жұмыс күніне дейін дәрілік заттарды тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript