Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 18:19 Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін дипфейктерді қолданып жатыр. Бұл туралы 2025 жылғы 20 маусымда ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар өздерін Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер, мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың қаржылық деректеріне қол жеткізуге тырысады.

Олардың құрбанына айналмау үшін, Ұлттық банк келесіні ескертеді:

"Күдікті шоттарға ақша жібермеңіз және сенімсіз хабарламаларға сенбеңіз".

Ұлттық банк:

  • жеке тұлғалардың шоттарын жүргізбейді,
  • инвестициялық өнімдерді ұсынбайды.
"Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені үзген дұрыс және ақпаратты банк немесе ұйымның ресми нөмірі арқылы өзіңіз тексеріңіз. Алаяқтық жағдайында құқық қорғау органдарына жүгініңіз", – делінген мәлімдемеде.

Кеңес алу үшін Ұлттық банктің Байланыс орталығына 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: