"Дүрбелең мен қауесетке берілмеңіз": 22 мамырда дабыл жүйесі неліктен ойнамады

Электросирена, электросирены, сирены, сирена, система оповещения населения, система оповещений, система оповещения , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 14:43 Фото: pxhere
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) бүгін 09:00-де қосылуы керек болған дабыл жүйесінің дауысын азаматтардың неліктен естімегендігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ТЖМ 2025 жылғы 22 мамыр, бейсенбіде сағат 09:00-де бүкіл ел бойынша барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылатынын хабарлаған болатын. Осыған байланысты азаматтарды тыныштық сақтауға және дүрбелең мен қауесетке берілмеуге шақырды.

"Бүгін "Өрт-2025" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде (азаматтық қорғау қызметтерінің табиғи өртке қарсы іс-қимылдарын пысықтау) дыбыстық сигнал (сирена) іске қосыла отырып, халықты құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілді. Алайда, оқу жылының аяқталуына және мектептердегі соңғы қоңырауды мерекелеуге орайластырылған іс-шараларды өткізуге байланысты мерекелік атмосфераны бұзбау және халық арасында алаңдаушылық туғызбау үшін дыбыстық сиреналарды қоспай, тыныш режимде тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды", – деп түсіндірді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сирена жүйесінің іске қосылуы төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету жүйесінің техникалық дайындығын және жедел қызметтердің үйлесімді әрекетін тексеруге бағытталған.

Бұған дейін ШҚО-да арнайы техникамен заңсыз алтын өндіру фактісі анықталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: