Бесеуі қаза тауып, 55 бала жарақат алды: Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі дабыл қағуда

Олардың деректері бойынша, күн жылының басталуымен, сондай-ақ мектептегі жазғы демалыс кезінде мұндай оқиғалардың жыл сайын көбеюі байқалады.
Жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Ағымдағы жылдың басынан бастап ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға (19.05.2025 жылғы жағдай бойынша) туралы ақпарат келіп түсті.
"Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді." Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, тәуекел аймағында – ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде орын алады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.
Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құтқарушылар,ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Азаматтардың тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торларына сенбеңіз — олар баланы ұстап қалмайды;
- Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
- Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.
- Әрбір қайғылы оқиғаның алдын алуға болады.
- Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік ересектерге жүктеледі.