Қазақстан құрамасы жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионатын салтанатпен аяқтады

Қазақстан құрамасы жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионатын салтанатпен аяқтады , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 17:57 Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ
Ташкентте суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты – өңірдің ең мықты жүзушілерінің басын қосқан бес күндік спорттық шара аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы чемпионаттың абсолютті көшбасшысы болды. Команда берілетін 158 медальдің 117-сін, соның ішінде 74 алтын медальді қанжығалады. Турнирдің орта кезеніңде-ақ қазақстандықтар көшбасшылықты күшейте отырып, 60-қа жуық медальді олжалады.

Қазақстан құрамасы жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионатын салтанатпен аяқтады , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 17:57

Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

Қазақстан құрамасынан 30 спортшы шықты, олар жеке жүзу және эстафетада жоғары дайындығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша олар 32 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионатын салтанатпен аяқтады , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 17:57

Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

"Біздің команда үш жас санатында өнер көрсетіп, 74 алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстандағы суда жүзу спортының жоғары деңгейінің айғағы", – деп атап өтті Атырау облысының аға жаттықтырушысы Иван Галкин.

Жарыс бағдарламасына 50, 100, 200 және 400 метр қашықтықта еркін жүзу, арқамен, баттерфляймен және брасспен жеке жүзу, сондай-ақ кешенді жүзу кірді. Сонымен қатар аралас және классикалық 4×100 метрлік эстафеталар өтті.

Қазақстан құрамасы жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионатын салтанатпен аяқтады , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 17:57

Сурет: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ

Қазақстан Республикасы Су спорты түрлерi федерациясының бас серіктесi – "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктестері – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Sport Qory" спортты қолдау қоры.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: