Аида Бауыржанова Ташкенттегі Азия чемпионатын төртінші орынмен аяқтады

Аида Бауыржанова Ташкенттегі Азия чемпионатын төртінші орынмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 16:52 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әйелдер арасындағы лицензиялық Азия біріншілігі отандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының мүшесі Аида Бауыржанова көпсайысты төртінші орында аяқтап, жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Ол 50.365  ұпай жинаған.

Бұл сында қытайлықтар Цзиафей Ху мен Синуй Цин өзара жүлде бөлісті. 

Ал сары құрлықта сарапқа салынған жалғыз әрі соңғы жолдаманы филиппиндік Эмма Малабуйо (50.398) жеңіп алды. Ол Азия біріншілігін үшінші орында аяқтаған. 

 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: