Астаналық дәрігерлер 26 мамыр күні балаларды тегін тексереді

Астаналық дәрігерлер 26 мамыр күні балаларды тегін тексереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 20:10 Сурет: freepik
26 мамырда №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ортопед-дәрігерлері мен травматологтары балаларды тегін тексереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл акция балалар арасында тірек-қимыл жүйесі ауруларының алдын алу және ортопедиялық әрі травматологиялық бұзылуларды ерте анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп жазды аурухананың баспасөз қызметі.

"Дұрыс жүріс-тұрыстың бұзылуы, жалпақтабандылық, сколиоз, сондай-ақ тұрмыстық және спорттық жарақаттардың салдары – ортопед пен травматологқа жүгінудің жиілеп бара жатқан себептері. Мұндай аурулардың басым бөлігін ерте кезеңде анықтап, түзетуге болады", – деп ескертеді астаналық мамандар.

Іс-шараға қатысу үшін ақы төлеу талап етілмейді. Дегенмен дәрігерлер медициналық мекеменің сайтында алдын ала тіркеліп қойған дұрыс екенін айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: