Шымкент тұрғынынан 83 шелек марихуана табылды

Шымкент тұрғынынан 83 шелек марихуана табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2025 13:21 Сурет: Zakon.kz
Шымкент тұрғыны марихуана сатты деген күдікпен ұсталды. Жедел уәкілдер одан есірткі заттарының үлкен көлемін анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында фитозертхананың қызметі тоқтатылған.

"Заңсыз айналымнан арнайы жабдықталған бөлмеде сақталған 83 көк пластик шелектегі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ полиэтилен қалташаларға бөлініп салынған есірткі заттары мен электронды таразы табылды", - делінген хабарламада.

Зертхананы ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, оған жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: