Алматы облысында оқушы сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында оқушы сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2025 13:56 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмысты жасады деген күдікке оның сыныптасы ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, екі бала да 11-сыныпта оқыған. Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесінде өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полиция тарапынан Білім басқармасына құзыреті шегінде шара қолдану үшін ұсыныс жолданды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеу мақсатында қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: