Жазғы демалыс: Алматы полициясы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына маңызды ескерту жасады

Жазғы демалыс: Алматы полициясы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына маңызды ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2025 15:22 Сурет: polisia.kz
Жазғы демалыс қарсаңында Алматы полициясы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына маңызды ескертумен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Демалыс уақыты қайғылы оқиғаға айналмауы керек. Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, жаз – еркіндік, жаңа тәжірибе, мүмкіндіктер.

"Бірақ абай болыңыз! Бүгінгі күні жасөспірімдерге "жеңіл ақша" ұсынылады - мұның артында ауыр қылмыстар, әсіресе есірткіге байланысты болуы мүмкін. Көбінесе қандай да бір байламды біреуге беруді немесе жасыруды сұрайды. Есіңізде болсын: бұл - қылмыс. Ал 16 жастан бастап мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. Бұл сот, соттылық және бүлінген тағдыр. Жаз - тәуекелге баруға себеп емес, керісінше, өсу, спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу, ерікті болу. Өзіңізге және достарыңызға қамқорлық жасаңыз. Есірткіге жоқ деңіз!", - деді Мұрат Жұмабаев.

Полиция жастармен алдын алу жұмыстарын жалғастырады және профилактика жылында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне басымдық берілгенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: