Ішкі істер министрлігі қазақстандық балалар мен олардың ата-аналарына үндеу жолдады

Детский лагерь, летний лагерь, лагерь для детей, лагерь для подростков, лагерь для школьников, школьные каникулы, летние каникулы, подростки, школьники, дети, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 09:55 Фото: Zakon.kz
23 мамырда ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев қазақстандық балалар мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалардың қауіпсіздігі – Ішкі істер министрлігінің басты міндеттерінің бірі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бағытта елімізде:

  • ювеналды полицияның жұмысы күшейтілді;
  • оқу орындарының жанында патрульдер кезекшілік етеді;
  • Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектеп жанындағы жол инфрақұрылымы жақсартылып жатыр;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жаза қатайтылды;
  • қорқыту мен қудалауға қарсы құқықтық шаралар енгізілді;
  • Балалар мен ата-аналар сенім телефондары арқылы тәулік бойы көмек ала алады.

Мектептерде балалар жастайынан заң негіздерін оқып, жауапкершілікке баулитын "Жас сақшы" полиция сыныптары ашылып жатыр. Көптеген еріктілер әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосады.

"Сондықтан да ересектер әрқашан балалардың қасында болып, ілтипат пен қамқорлық танытуы өте маңызды", – делінген хабарламада.

15 мамырда қазақстандықтар Халықаралық отбасы күнін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: