Астанадағы Алаш тас жолының бір бөлігі 29 мамырға дейін жабылады

Астана тұрғындары мен қонақтарына Алаш тас жолының бір бөлігінде қозғалыс шектелетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 25 мамырдан 29 мамырға дейін Алаш тас жолының 191-көшеден 69-көшеге дейінгі бөлігі ішінара жабылады.
"Аталған уақытта бұл аумақта орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты көлік қозғалысы екі бағытта кезең-кезеңімен жолдың бір жағымен ұйымдастырылады", – делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы мүмкін өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript