Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылады

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылының күйші Дина көшесінен Бейімбет Майлин көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты аталған жол учаскесі 19-20 мамыр аралығында жабылады", делінген басқарма хабарламасында.
Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Сонымен қатар 21 мен 22 мамыр аралығында Майлин көшесінен Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол ішінара жабылатын болады.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Бұған дейін "City Transportation Systems" ЖШС бүгін, 2025 жылғы 16 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтарын құлаққағыс етіп, елордада жүргізіліп жатқан жеңіл рельсті (LRT) желі құрылысына байланысты жолдарда шектеулер енгізілетінін ескерткен болатын.