Синоптиктер түнде сегіз өңірде үсік жүретінін ескертті

Ауа райы болжамы, 26 мамыр, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 17:01 Сурет: pixabay
Синоптиктер 26 мамырға арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикамыздың басым бөлігінде жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, негізінен, найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста бұршақ түсуі ықтимал", – деп ескертеді "Қазгидромет" РМК.

Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай өңірінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде және Ұлытау облысының солтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 24-26 мамырға арналған еліміздегі үш бас қаладағы ауа райына қатысты болжаммен бөліскен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: