Қала күніне орай өткен "Ақтөбе-2025 марафонына" 1300 адам қатысты

Ақтөбеге 13-ші жыл сайынғы марафонға қатысу үшін Қарағанды, Орал, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ресейдің Орынбор және Орск қалаларынан марафоншылар келді. Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет те жарыс жолағын жүгіріп өтті. Ол мәреден кейін барша қатысушыларды қала күнімен құттықтап, шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жас та, қарт та таңертең осы марафоннан табылды.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жарыстың ең кішкентай қатысушысы - 10 жаста, ал жасы үлкені Жұмабай Отарғалиев — 70 жаста. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, көп жылдар бойы түрлі марафондарға қатысып келеді. Оның айтуынша, соңғы жылдары жастардың спортпен көп шұғылданатыны қуантады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Өскелең ұрпақтың рухы мықты болсын десек, біз әркез өзіміз үлгі болуымыз керек. Спортқа баулу арқылы жастарға жақсы әдеттерді сіңіруіміз керек", - деді ол.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Ақтөбеде қала күніне арналған этнофестиваль өткенін жазғанбыз.