ЕЭК Қазақстанға әкелінетін картопты импорттық баж салығынан босатады

Зеленый базар, рынок, продукты питания, овощи, овощной отдел, цены на овощи, стоимость овощей, картофель, картошка, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 10:29 Фото: Zakon.kz
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы шешімімен Кеден одағы комиссиясының картопқа қатысты кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Кеден одағы комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" шешімі мыналар әкелу баждарынан босатылатыны туралы тармақшамен толықтырылды:

ЕАЭО ТН ВЭД 0701 90 коды бойынша жіктелген, Қазақстан Республикасына 150 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінген, бөлшек саудада сатуға арналған картоп.

"Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды көрсетілген тарифтік жеңілдікті пайдалана отырып сатуға кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін Қазақстанда тіркелген және бөлшек саудамен айналысатын тұлғаларға рұқсат етіледі", – делінген құжатта.

Көрсетiлген тарифтiк жеңiлдiктi пайдалана отырып, iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарларды пайдалануға немесе оларға билiк етуге шектеулер тауарлар бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын нысаналы алушылардың қоймасына келгенге дейiн, бiрақ мұндай тауарлар iшкi тұтыну үшiн шығарудың кеден рәсiмiне сәйкес шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк 1 жылдан аспайтын мерзiмде қолданылады.

Нысаналы алушының қоймасына тауарларды қабылдауды немесе осындай нысаналы алушының тауарды беруін растайтын құжат осындай тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе қабылдау актісі болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: