Жұманғарин жаңа Салық кодексі жайлы алаңдаушылыққа жауап берді: үлкен чемодандармен ақша тасып жүре ме

Серик Жумангарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 16:11 Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 28 мамырда Ақордада өткен жиыннан кейін Ұлттық экономика министрі – Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексіне байланысты айтылған алаңдаушылықтарға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейбір азаматтар жаңа кодекс қабылданған соң қазақстандықтар жаппай қолма-қол ақшаға көшуі мүмкін деген пікір айтқан болатын. Бұл туралы сұраққа жауап берген Жұманғарин:

"Қойыңыздаршы енді... Біреулер бірдеңе айтып жатыр, адамдар "кэшке өтеміз" дейді. Кім өтеді кэшке? Қайда өтеді? Үлкен чемодандармен ақша тасып жүре ме? Есеп айырыса ма солай?" – деп жауап берді.

БАҚ өкілдері кейбір дүкендерде қолма-қол төлем жасаған жағдайда жеңілдік берілетіні туралы хабарландырулар бар екенін атап өтті.

"Мен дау айтпаймын. "Кэш" – бұл заңды төлем тәсілі. Бірақ қазіргі кезде өте ыңғайсыз. Біз цифрландырылған ел болғандықтан, көптеген сервистер автоматтандырылған. Қолма-қол төлеу – уақыт жоғалту. Мен бұған күмәнданамын. Мүмкін, жекелеген кәсіпкерлер, сауда саласында жұмыс істейтіндер ғана шығар... Ал компаниялар мен заңды тұлғалар ше? Күмәнім бар... Бұл туралы кім айтып отыр өзі?" – деді ол.

Сондай-ақ ол кез келген жаңашылдық бастапқыда адамдарға ұнамайтынын атап өтті.

"Бірақ біз жасаған өзгерістер – дұрыс шешім. Мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру қажет болды, және бұл жолдан кері шегінуге болмайды. Мұны нақты түсінуіміз керек", – деп қосты Серік Жұманғарин.

Журналистердің "қаржыны тұрақтандыруға қол жеткізілді ме?" деген сұрағына министр:

"Мәселе біртіндеп шешіліп жатыр, келесі жылы толығымен жойылады", – деп жауап берді. 

Бұған дейін Шымкентте полицейлердің жүргізушіден есірткі тәркілегендігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: