Синоптиктер 29 мамырда қай өңірлерде үсік жүретінін айтты

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, түнде Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
"Солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақтала отырып, антициклон өзінің ықпалын сақтайды. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болады", делінеді болжамда.
Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық өзге де қауіпті табиғи құбылыстар туралы ескертті:
өрт қаупі жоғары - Атырау облысында, Жетісу облысының шығысында , Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында,Түркістан өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында;
төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан өңірінің солтүстігінде, шөлейтті, тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында және Жетісу облысында.
Бұған дейін синоптиктер 2025 жылғы 29, 30 және 31 мамырда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.