Тоқаев Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры қабылдады

Тоқаев Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 17:50 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев болашаққа бағдарланған интеллектуалды меншіктің берік негізін қалауда Ұйым еліміздің ең басты серіктесі екенін атап өтті.

Қазіргі кезде зияткерлік меншік құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылды. Бұл ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, озық технологияларды дамытуға және жағымды инновациялық орта қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Ұйыммен бірлесе отырып, Технология мен инновацияны қолдау орталығы жобасын жүзеге асырады.

Дарен Танг елімізде қабылданған шаралардың нақты нәтиже беріп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстан Жаһандық инновациялық рейтингтегі орнын жақсартқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: