Түркістан облысында полиция шетелдіктен мефедрон тәркіледі

Түркістан облысында полиция шетелдіктен 30-дан астам мефедрон орамасын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткіні заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.
Жедел уәкілдер облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінде күдікті ретінде жақын шетелден келген азаматты ұстады. Полиция тексеру кезінде ер адамнан ұнтақ тәрізді құрамында есірткісі бар 30-дан астам полиэтилен орамдарын тәркіледі. Жалпы салмағы 90 грамнан асатын мефедрон болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript