"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 1 маусымға арналған ауа райы болжамы

Найзағай, ауа райы болжамы, 1 маусым, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2025 17:35 Сурет: Instagram/dots_foto
Синоптиктер жаздың бірінші күні, 2025 жылдың 1 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстар жайлы болжамға сәйкес, жексенбіде ел аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп күтіледі. Батыс өңірде жел күшейіп, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады", – дейді "Қазгидромет" РМК.

Атырау және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында және орталығында, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қостанай өңірінің солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Жамбыл өңірінің солтүстігі мен оңтүстігінде,  Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Түркістан өңірінің батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігінде және шөлейтті, тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Абай, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының шығысында,  оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Бұған дейін синоптиктер Алматыда 2025 жылдың 31 мамырынан 6 маусымына дейінгі аралықта ауа райы қандай болынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: