Түлкібас учаскесінде жүргізуші көлігін рельске тастап кеткен: пойыздардың кестесі бұзылды

Түлкібас учаскесінде жүргізуші көлігін рельске тастап кеткен: пойыздардың кестесі бұзылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2025 14:17 Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
Шымкентке жақын маңдағы Састөбе – Ынтымақ аралығында рельске тасталған көлік теміржол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 маусым күні таңертең Түлкібас учаскесінде болған.

"Көлік жүргізушісі теміржол жолына автокөлікті тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер етті. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді", – делінген ұлттық компания хабарламасында.

КТЖ өкілдері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салды.

Ережені бұзу – қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: