ХҚКО-лар мен МХҚКО-лардың 6 маусымдағы жұмыс кестесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 6 маусымды "Құрбан айт" мерекесінің алғашқы күні деп жариялады. Осыған орай, Азаматтарға арналған үкімет порталы ХҚКО-лар мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесінің қалай өзгеретіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Корпорация мәліметіне сүйенсек:
"Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді",- делінген ақпаратта.
Дегенмен, 7 маусым, сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды.
"Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Арнайы ХҚКО өтініштерді қабылдау үшін сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру үшін – 13:00-ге дейін ашық болады". "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, аяқталады.
Бұған дейін ҚМДБ Құрбан айт мерекесі қарсаңында азаматтарға қауіп-қатер туралы ескерткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript