Ақтөбеде газ жарылды: бір адам қаза тауып, бірнеше пәтер бүлінді

2025 жылғы 4 маусымда Ақтөбедегі Абай даңғылында орналасқан тұрғын үйде газ жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" басылымының жазуынша, оқиға №24/1 үйдің төртінші қабатында болған.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тапты. Жарылыс кемінде екі пәтерді қиратып, үй тұрғындары эвакуацияланды.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен полиция келіп жетті. Қазіргі уақытта апат салдарын жою және жарылыстың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында болған қайғылы оқиғада бір отбасының бес баласы өрттен қаза тапқаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript