Ақтаулық вундеркинд бала өзінің рекордтық оқу жылдамдығымен танымал болды

Самир екі жыл бұрын минутына 90 сөзден аспайтыны белгілі. Бірақ жүйелі оқыту мен мұғалімнің қолдауының арқасында ол өзінің нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. Бүгінде оның оқу жылдамдығы минутына 16-17 мың сөзге жетеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 10:37 Сурет: Telegram/QR Oqu-ağartu ministrlıgı
Ақтаулық мектеп оқушысы "100 жаңа тұлға" жобасының кейіпкері атанды. Алтыншы сынып оқушысы Самир Валерий минутына 17 мың сөз оқиды. Баланың ерекше қабілеттері туралы Zakon.kz тілшісіне Білім министрлігінің баспасөз қызметі айтып берді.

Екі жыл бұрын Самир минутына 90 сөзден артық оқи алмайтын. Алайда, жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында көрсеткішін едәуір жақсартты. Қазір оның оқу жылдамдығы минутына 16–17 мың сөзге жетеді.

"Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесуде. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде "Жыл оқушысы" атағына ие болды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Самир сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы ретінде танымал. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін қызмет етіп, білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: