ШҚО-да мотоциклді тіркеу кезінде жалған құжат ұсынған азаматқа қылмыстық іс қозғалды

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 12:46 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде 41 жастағы азамат Hummer мотоциклін есепке қою барысында жалған құжат пайдалануға тырысқан.

Атап айтқанда, ол көлік құралын тексеру актісінің жалған нұсқасын ұсынған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына (Жалған құжаттарды жасау, қолдан жасау немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалған. Полиция департаменті мопедтер мен мотоциклдердің механикалық көлік құралдарына теңестірілгенін ескертеді.

Бұл олардың тіркеуден өтуі, жүргізуші куәлігі болуы, техникалық байқаудан өтуі және сақтандыру полисінің ресімделуі сынды барлық заң талаптарын сақтау қажет екенін білдіреді.

Мопедті заңды түрде тіркеу үшін азаматтар мамандандырылған ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгінуі қажет:

  • жеке куәлік (қағаз немесе электронды форматта);
  • техникалық құжат немесе көлік құралының сипаттамасы.

ШҚО полиция департаменті барлық көлік иелерін заңнама талаптарын қатаң сақтауға, ал жалған құжат қолдану — қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: