Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 13:06 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Эколог күніне орай Алматы қаласында қайта өңделген пластиктен жасалған алғашқы ақпараттық тақтайша орнатылды. Бұл бастама экология мен тұрақты даму мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тақтайшада ағаш туралы мәліметтер, яғни оның түрі, жасы және ерекшеліктері көрсетілген. Әзірге мұндай тақтайша Мақатаев көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан 1888 жылы отырғызылған емен ағашының жанында орнатылды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, болашақта әлемнің жетекші мегаполистерінің тәжірибесіне сүйене отырып, қаладағы көпжылдық ағаштардың басым бөлігі осындай тақтайшамен жабдықталмақ. 

"Бұл қадам қала тұрғындарының экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі. Республикалық "Таза Қазақстан" бастамасы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық бағдарламасы аясында шаһарда қоқысты сұрыптап жинау жүйесін енгізу және саналы тұтыну мәдениетін дамыту бойынша тұрақты түрде экологиялық іс-шаралар мен акциялар өткізіліп келеді", - делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен ашылған алғашқы Экохаб базасында (Марков көшесі, 44) жиналған пластик қақпақтардан салпыншақтар, тіреуіштер, тақтайшалар, шахмат тақталары мен фигуралар, сондай-ақ, көше жиһаздарының элементтері сынды пайдалы әрі сәндік бұйымдар жасалып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: