Жамбыл облысында автобус жолаушылар пойызымен соқтығыса жаздады

Жамбыл облысында автобус жолаушылар пойызымен соқтығыса жаздады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2025 11:38 Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
Жамбыл облысындағы теміржол өткелінде автобус пойыздың жолына шығып кетіп, жолаушылар пойызымен соқтығыса жаздады. Алайда машинист жылдам әрекет етіп, апатты болдырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 7 маусым күні Тараз – Шу бағытындағы Қорагатты – Татты аралығындағы қараусыз, реттелетін теміржол өткелінде болған.

"Жолаушылар пойызының машинисі төтенше тежегішті қолданып, жолға шығып кеткен автобуспен соқтығысудың алдын алды", – деп хабарлады ҚТЖ.

Автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: