Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі болды

Әсел Жанасова Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжатқа 2025 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.
Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастаған.
2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.
2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.
2020 жылдың шілдесінен бастап 2022 жылғы қазанға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.
2022 жылғы қазанда "Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript