ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында 60 шетел азаматын эвакуациялады

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы республикалық маңызы бар Астана - Қарағанды - Алматы тасжолының 575-шақырымында Гүлшат ауылынан 14 шақырым жерде жолаушылар автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы жол бойындағы кафеге 60 жолаушыны, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады.
"Эвакуацияланғандардың барлығы - Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының азаматтары", - деп хабарлады ведомство.
Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript