Жолаушы толы автобус Екібастұз қаласы маңында бұзылып, орта жолда қалып кеткен

Аяз, боран, Екібастұз, Шідерті, автобус, бұзылу, жолаушылар, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2025 09:42 Сурет: freepik
Екібастұз қаласы маңындағы Шідерті ауылынан 5 шақырымда, "Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы" республикалық маңызы бар тас жолының учаскесінде автобус бұзылып, тұрып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осылайша автобуспен бірге бір топ жолаушы жолда қалып кеткен. Оқиға орнына ТЖД күштері шұғыл келіп жетті.

"Құтқарушылар күшімен 35 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Барлық жолаушы Шідерті елдімекеніндегі жылыту пунктіне жеткізілді", делінген хабарламада.

Сондай-ақ медициналық көмек ешкімге қажет болмағаны да нақтыланады.

Айта кетсек, 2025 жылы 11 желтоқсанда аязда дизель отыны қатып, Қарағанды – Шідерті республикалық тас жолында да жолаушы толы автобус қалып кеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: